{metadescription}

Әлем платформаларына шыққан «Асыл мұра» аудиожинағының тұсауы кесілді

Бүгін елордада қазақ халқының ұлттық ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті. Жинаққа мың жарым шығарма енгізілген және әлем платформаларына да жарияланған. Салтанатты шараның шымылдығын жоба жетекшісі Ерлан Қариннің өзі ашты.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Бәріміздің алдымызда тұрған жұмыс, осы ұлттық мұрамызды, оның ішінде тарихымыз бар, өнеріміз бар, музыкамыз бар және тағы басқа бағытта осы жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше цифрландырып, әлемдік түрлі деректер базасына енгізу. Бұл үлкен қыруар еңбекті талап ететін жұмыс, ұлтымыздың болашағын ойлайтын болсақ, бұл жұмысты да қолға алуымыз керек.

Аудиожинақта тек ән-күй ғана емес, сондай ақ ертегілер, бесік жырылары, жыр-термелер мен еліміздің ретро әндері де жазылған. Алтын қорда ғана сақталып келген 1500 түпнұсқадағы шығармаларды енді Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты 100-ден астам әлемдік музыкалық платформалардан тыңдай аламыз. Жасанды интеллект дәуірінде мұндай жобалар ұлттық мәдени контентті жүйелеуге қызмет етіп қана қоймай, жас буын өнерпаздарға, келешек ұрпаққа сенімді дереккөз болады дейді жоба жетекшісі.

Баянғали Әлімжанов, ақын:

«Асыл мұра» шын мәніндегі асыл мұраның бай қазынасы. Бұл үлкен рухани әлем, біздің халқымызға деген сыйлық. Бұл өшпейтін, естелік болып қалатын дүние. Бұл бүгінгінің қажетіне жарайды және болашақ ұрпаққа мұра, аманат. Ал енді мұндай асыл мұраны бұл байлықты бізге ешқандай жасанды интеллект жасап бере алмайды. Бұл қайталанбайтын құбылыс, үлкен дүние, сондықтан мұны шығарған азаматтарға мың да бір рақмет!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.