{metadescription}

«40 мың теңге айыппұл». 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопед тебуге тыйым салынады

Небәрі екі аптадан кейін еліміздегі барлық мопед мемлекеттік нөмір тағып жүруі тиіс. Мопед иесіне 5 сәуірге дейін қос дөңгелекті көлігін тіркеу міндеттелген. Ал мопедшілер тек уақыт тақалғанда қимылдай бастады. Өйткені бүгінге дейін небәрі 8 мыңнан астамы заңдастырылған. Құжаты түгел бола тұра, нөмір таға алмай сенделіп жүргені де бар. 

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қарбаласты КТК тілшісі көріп келді.

Бүкіл елде қазір 8 жарым мың мопед тіркеуден өткен. Оның тең жартысы Алматыда. Оңтүстік астанада қаптап жүретін көлік құралының 4 мыңға жуығына нөмір тағылған. Әлі қаншасы тіркелу керек екені беймәлім. Ішкі істер министрлігі заңдастырылып үлгермегендердің жаппай жазаналанатынын тағы ескертіп отыр.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Құрметті азматтар! Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда, Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделген.

Алайда, халыққа қызмет көрсету орталығын жағалап, мопедін тіркей алмай жүргендер де баршылық. Солардың бірі - Асхат Әшіров. Меншігінде бір емес, 10 мопеді бар.  Бәрі өзінікі болғанымен, өзгелерге жалға береді. Сөйтіп, нәпәқа тауып жүр. Енді жаңа заң шыққасын, әрқайсысын сәуірге дейін заңдастырып тастамақ болған. Бірақ, таңнан кешке дейін сенделіп жүргеніне 2 аптадан асыпты. Құжаттары түгел болса да, орталықтың беретін нөмірі жоқ. 

Асхат Әшіров:

08-ші регионның нөмірелір жоқ. Өзім 08-ші регионда туып өсіп, пропискам сол жақта. Нөмір вообще жоқ. Екі апта болды келіп жүргеніме. 10 мопедтің біреуіне де салмадым ғой былайша айтқанда.

Халыққа қызмет көрсету орталығында бір қарағанда көліктен көрі, мопед көп па дерсің. Тіркеуге ұзын-сонар кезек. Күніне 300, тіпті 400-іне нөмір тағылып жатыр. Мәселе туындаса да, полицейлер 5-ші сәуірге дейін түгелімен тіркеп үлгереміз деп сендіріп отыр әйтеуір.

Айдын Меркімбаев, Алматы қаласы ПД ӘПБ Процессинг орталығының бастығы:

Қазіргі таңда бұл ауқымды шара бүкіл Қазақстан бойынша өтуде. Және кейбір өңірлерде нөмірлер жетіспей жатқан жерден бөлек ұсыныс алып, сол ұсыныс бойынша нөмірлерді даярлаудамыз. Барлық арызданушылар міндетті түрде мемлекеттік нөмір алатын болады.

Ал мемлекеттік нөмірді тағып үлгермегендерге 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Әрі, заңсыз жүрген қос дөңгелекті көлік құралы айып тұрағына қойылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде