Мүгедек жанды жетелеген жолаушыға — 50 пайыз жеңілдік
Мүгедек жанды жетелеген жолаушыларға — жеңілдік. Енді мұндай азаматтар теміржол билетінің жарты құнын ғана төлейді. Яғни мүмкіндігі шектеулі жанның өзі ғана емес, қасындағы жақыны да 50 пайыз жеңілдікке ие болады.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
19.03.2025
Елдос Нестей, Теміржол және су көлігі комитетінің басқарма басшысы:
– Ерекше жандарды қасында алып жүретін кісілерге 50 пайыз жеңілдік беру. Бұл І, ІІ топтағыларға қатысты және ерекше баласын қасына алып жүретін кісілерге қатысты. Бұл жеңілдік ҚР аумағында қатынайтын барлық әлеуметтік пойызға таратылады.
Сондай-ақ ерекше жандарды пойызға отырғызу кезінде талап етілетін медициналық анықтама мәселесі де қаралған. Бұдан былай бұл ереже жойылады. Яғни жолсеріктерге мүгедектігін растайтын құжатты көрсетудің қажеті жоқ. Себебі жолаушылар туралы ақпарат деректер базасы арқылы автоматты түрде көрсетіледі. Жарымжанның құқығын қорғау мақсатында енгізілген бұл өзгеріс шілдеден бастап күшіне енбек.
Айта кетейік, қазір барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жүретін пойыздарға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!