{metadescription}

Курьер жігіттің ерлігі. «Супер курьер» фильмі көрерменге жол тартты

Қарапайым курьер нағыз қаһарманға айналады. «Супер курьер» деп аталатын жаңа фильм көерерменге жол тартты. Отандық туындыда курьер боп жұмыс істеп жүрген жігіттің ерлігі баяндалған. Киносүйер қауымға бұл туынды несімен ерекше? 

Фильмнің сюжеті қарапайым курьер жігіттің ерлігі мен қаһармандығы жайында. Бір күні оған судьяны қарақшыдан қорғап әрі оның қызының жүргізушісі бол деген ұсыныс түседі. Алайда ол көп ұзамай ойламаған жерден судьяның оққағары болып шыға келеді. Сөйтіп қарапайым курьер әп-сәтте қаһарманға айналады. 

Олжас Ыбраев, режиссер:

Қазақстанда батыр жасағымыз келді. Өзіміздің бір «супер герой» дейікші. Мысалы, Голливудта супермен, бэтман бар деген сияқты. Бізде шынайыға жақындатып, қарапайым мамандықтан алып көрейік дедік. Төбелеседі, жанашыр, өзі ақкөңіл, сыртынан қарасаң, супер-геройға ұқсамайды, алайда өзі батыл. Әр адамның ішінде, әр еркектің ішінде намыс болу керек деп ойлаймын.

Фильмнің продюсері жас актер Тимур Бақтыбаев. Дайындық кезеңі ұзақтау болғанымен, кино бар-жоғы бір айға жуық уақытта түсіріліпті. Бұл туынды оның он бірінші жобасы. Фильмнің бюджетіне шамамен 150 миллион теңге кеткен. Басты рөлді продюсердің өзі Тимур Бақтыбаев сомдайды.   

Тимур Бақтыбаев, бас продюсер:

Дүниежүзі көретіндей сценарийде жазылған. Экшн да бар, романтикасы да бар, комедиясы да бар, беретін бір ойы да бар дегендей."Супер курьер" деп атағаннан кейін, курьер тақырыбын да қозғадық. Бірақ түгелдей курьер туралы емес. Кейіпкері курьер, біраз жұмыс істейді, сосын ұсыныс түседі.  Сөйтіп ары қарай өзін басқа образда сынайды.

Негізгі түсірілім Алматыда болса, фильмнің біраз эпизоды Қонаев қаласында өрбиді. Көрерменнің көңілінен шығу үшін 50-ден аса кәсіби маман қатысқан.   

Шахризада Серікова, актриса:

Атыс-шабыс жанры болғаннан кейін, білесіздер, Қазақстанда бұл жанрда түсіре бермейді. Тимур болсын, басқа актер болсын, төбелеске алдын ала дайындалып, соның барлығын шынайы түрде жасауға міндетті болды. Шынымен бір жерінде жарақат алған да кез болды. Бірқатар қиындық болды деп айта аламын. Бірақ өзіме керемет тәжірибе болды.

Экшн форматтағы комедияда әлемге әйгілі каскадер тобы өнер көрсетеді. Тұсаукесерге ұйымдастырушылардан бөлек, актерлік құрам мен режиссерлер тобы да арнайы қатысты.

Кинотуынды ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатында көрсетіле бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде