{metadescription}

"Үйтіп-бүйтіп": Арыстан асыраған. Түрмеге экскурсия. Итін сүйреген

"Үйтіп-бүйтіп" айдарында әлеуметтік желідегі тренд тақырыптар.  2,5 мың шенеунік тергеу изоляторына барды. Астаналық азамат жұмысында арыстан асыраған. Үш миллион адам тірілер тізімінде болғанмен, о дүниеге аттанған. Үйтіп-бүйтіп, аптаның талқыға түскен тақырыбын тіздік. 

Антикор біздің атқамінерлерді жаппай шок терапиядан өткізуде. Бүгінге дейін 2,5 мың мемлекеттік қызметкерге түрмеге экскурсия жасалды. Барғандардың тізімінде аудан әкімдерінен бастап орынбасарларына, бөлім басшыларына дейін бар. Түзеу мекемесімен түгел таныстырған. Тамағына дейін жеп, жататын жерін көрді. Бұл «шок терапия емес», «тәубеге түсіру терапиясы» десек дұрыс болар. Үйтіп-бүйтіп бюджеттен жеп қалсам деген ой енді қылаң бермес деп үміттенейік.

Азамат деуге аузым бармайды, осынша тасжүрек бола ма? Шымкентте шынжырлаған итін көлігімен сүйреген тұрғын сын астында қалды. Айналадағы адамдар бейжай қарамай тоқтатты. Дым саспаған бұл сабазым жүк салғышқа өңгеріп әрі кетті.

Бүйткен қожайындығы құрысын. Әйтеуір, полицей анықтап, олай жасауға болмайтынын құлағына құйып айыппұлын салыпты.

Ал астаналық азаматтың жағдайы кереғар. Арыстан баласы абдан асыраймын деп басы дауға қалды. Жұмыс істейтін жерінде бағып-қаққан. Жыртқыштың аты жыртыш. Адамдарға атылмасына кім кепіл? Абданды қайдан алғаны, қандай жаза алатыны тергеуден соң белгілі болады. Әзірге хайуанды зообаққа өткізетіні ғана белгілі. Бүйтіп басын дауға қалатынын білгенде, Шымкенттегі итті көшеде сүйреткізбей, қамқорына алар ма ең...

Қызықтың көкесін Трамп қайта президент болғалы көрсетіп жатыр. Қол астындағылардың тексерісіне тегеурін көрсету қиын. Мәселен, АҚШ-та 120 жастан асса да, тірілер санатына жатқызылған 3 миллион 200 мың адамның о дүниелік болғаны анықталды. Оны Әлеуметтік қамсыздандыру әкімшілігі мойындады. Базада 115 жастан асып кеткен жандарға 333 млн доллар несие рәсімделген. Бұл былықтың шығынын есептеп ұшпағына шығу биыл бітпейді-ау. Мақтауын асыратын Американың өзінде осындай олқылық шықса,  не дейсің? Ондай-ондай ханның да қызында болады дейміз бе?

Үйтіп-бүйтіп, келер апта жойқын жаңалықтармен жүздескенше!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде