{metadescription}

«Туристік маусым». Түркістанда қоқыс контейнерлері тазаланбай қалған

Түркістанда туристік маусымның ашылуы көне шахарға кесірін тигізді. Қаладағы қоқыс жинаушы жұмысшылар мен арнайы техника ауқымды іс-шараның қажеттіне жұмсалып, соның салдарынан қоқыс контейнерлері тазаланбай қалған.

Аружан Абрек:

Күн ысып келе жатыр, иіс тарап, иттер қаптайды. Балалар ойнап жүр, қауіпті. Қоқысты уақытында алып кеткен дұрыс. Шыбын-шіркей, тарақан қаптайды. Қоқысты дер кезінде шығарып, қадағалап жүрсе жақсы болар еді.

Әсіресе қаланың жаңа бөлігіндегі көпқабатты үйлердің маңындағы контейнерлер аузы-мұрнынан шыққан. Соңғы екі күнде тұрмыстық қалдықтар мүлде тазаланған жоқ дейді тұрғындар. Оның үстіне жаңа үйлер көптеп салынғанымен, контейнерлердің саны сол баяғыдай.

Қаланың тазалығына жауапты мекеме өкілдері дүйсенбіден бері қоқыс шығарылмағанын мойындап отыр. Өйткені техника мен жұмысшылар көне шахарда ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға жұмылдырылып, тұрмыстық қалдықтар қалып қойды деп отыр.

Амангелді Сыздықов, «Жарық-тазалық» ЖШС басшысының орынбасары:

  Оның себебі: қалада екі күн болды, іс-шаралар боп жатыр. Соған техниканың бәрі бөлініп, осындай жағдай боп қалды. Бұдан ары кестемен, баяғыдай жұмыс қайтып жүреді. Негізі таза қаламыз. Екі күн осындай себеп болды. Халықтан да кешірім сұраймыз. Енді мұндай нәрсе болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде