{metadescription}

«Жөндеу шығыны». Теміртау билігі әлеуметтік осал топтың мойнына 232 миллион іліп қойған

Теміртау билігі жетім-жесір, жалғызбасты аналар мен әлеуметттен аз қамтылған отбасылардың мойнына 232 миллион теңге іліп қойды. 2012 жылы берілген жалдамалы баспананы 2022 жылы бюджет қаражатына күрделі жөндеуден өткізген шығынды 53 отбасыға бөліп қойған. 

Бірақ тұрғындар шатырынан су ағып, қабырғасы қақырап, едені көгеріп жатқан баспанада күрделі жөндеу жүргізілді деуге аузы бармайтынын айтады. Сондықтан бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын құзырлы органдар тексерсін деп отыр.

Теміртауда қаңырап тұрған жатақхананы жөндеп, 2012 жылы үй кезегінде тұрғандарға үлестірген. Мұхамед Әмідке де солардың қатарында. Жалдап тұрып, ақшасын біртіндеп құйып жекеге өткізіп аласыңдар дегенде тіпті қуанған. Тұрғындардың біразы пәтерді жекешелендіруге  2-3 миллион теңге көлемінде қалғанын былтыр әкімдіктен біліпті. Биыл сол шаруаны тындыруға жиған-тергенін алып барса, әлгі сома 5-6 есе өсіп шыға келген. Сөйтсе ондағылар 2022 жылы күрделі жөндеу жүргіздік, соның ақшасы басөбасыңа бөлінді депті. Бірақ қабырғасы сөгіліп, үйдің төбесінен аққан судан едені көгеріп жатқан баспанаға жөндеу жүргізілді деуге келмейді.

Қызырбек Бағзи:

Бізге екі бөлмелі пәтерді 11 млн дейді. 11 млн-ға мына үйді қалай аламыз?! «Береміз» дейді, берген үйлерінің бағасы мынау! Ал үйлерінің ағып жатқан суы анау! Қар жауады, су ағады, жаңбырда да су ағады. Оның бәрін дұрыс істемей отырып, мынадай баға қоюға болмайды.

Шенеуніктер күрделі жөндеуге кеткен қаражат пәтер иелеріне бөлінгенін растады. Барлық құжат «заң аясында рәсімделді» деп қысқа қайырды.

Арғынғазы Қуанышев, Теміртау ТҮКШ бөлімінің сектор басшысы:

Тұрғындар заңға сәйкес, өз пәтерін жекешелендіре алады. Қазір олар пәтер құнының 10 пайызын төлеп, әрі қарай пәтердің ауданына қарай қалған қаражатты 10-15 жылда төлеуге құқылы. Қазір бұл заңға сәйкес, бұл күрделі жөндеудің құны пәтер құнына қосылды.

Енді мойнына 232 млн теңге ілінген 53 тұрғын құзырлы органдар жөндеуге жұмсалған әр тиынды есептеп, баспананың қазіргі күйімен салыстырсын дейді. Жыртық үйдің жөнделгенін растап қабылдағандар да сұралуға тиіс. Сондықтан тұрғындар Бас прокуратура мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігенен көмек сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде