«50 мың теңгеге оразаңды бұз». Ауыз бекіткен жұртты азғыруға шақырған видео шу тудырды
«50 мың теңге үшін сен оразаңды бұз». Әлеуметтік желіде ауыз бекіткен жұртты азғыруға шақырған видео жұрттың ашуын туғызды. Онда ер адам көшеде өткен-кеткенге ақша мен тамақ ұсынып, оразасын қаза қылуды сұрайды.
Автор: Әсем Лесбек
20.03.2025
Ал екінші бір жігіт еш ойланбастан суды сіміріп салады. Видео авторы мұндай әрекетті әзіл ретінде істеді ме, әлде хайп қуды ма, ол жағы белгісіз. Бірақ желі қолданушылары ер адамды түсінбей дал. Бірі «алтын көрсе періште жолдан таяды» деп, жігітті қолдап жатса, қалғаны «оразаны мазақ етті» деген пікір жазған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары