Маңғыстау облысы: Таушықта бүлдіршіндер арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті
Маңғыстау облысындағы Таушық ауылындағы наурыз мерекесі ерекше тойланды. Балабақша әкімшілігі бүлдіршіндер арасында арқан тартыс, асық ату, қозы көтеру секілді ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырған. Кішкентай балақайлардың мерекесі тартысты өтті.
Автор: Ислам Қабылұлы
20.03.2025
Санжар есімді бес жасар балақайдың қозы көтеріп жатқан сәті көпшілікті сүйсінтті. Ол көктемгі төл қозыны 35 рет көтеріп, бірінші орын алған. Бөбекжайдағы «әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасына балдырғандардың ата-аналары, бөбекжай ұжымы қатысқан. Аулада қазан асылып, наурыз көже пісіріліп, ұлттық салт-дәстүр насихатталды. «Қозы көтеру» ұлттық ойынын ұйымдастырудағы мақсатымыз – бүлдіршіндерді ептілікке баулып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, дейді тәрбиешілер.
Индира Әлішбаева, балабақша меңгерушісі:
— Балаларға қазақтың ұлттық ойындары — арқан тартыс, асық ату, қозы көтеру ойнатылды. Қозы көтеруде бес жасар Санжар қозыны 35 рет көтеріп, ойынның мәнін де, сәнін келтірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!