Дональд Трамп түркітілдес елдер мен парсы халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
АҚШ президенті Дональд Трамп түркітілдес елдер мен парсы халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Оның айтуынша, Наурыз — көктемнің келуі, жаңа жылдың басталуын бейнелейтін қуанышты мейрам.
Автор: Әсем Лесбек
20.03.2025
Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауын АҚШ-тағы этностарға ғана емес, әлемде осы күнді атап өтетін барша ұлт пен ұлыстарға жолдайтынын Ақ үйдің ресми парақшасында жазыпты. Айтуынша, Шығыс халықтары, әсіресе парсы халқы математика, ғылым, технология, өнер салаларындағы жетістіктерімен адамзаттың алға қадам басуына зор үлес қосқанын да атап өткен. АҚШ атынан сіздерді осы қуанышты мерекемен құттықтаймын, деді Трамп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!