{metadescription}

Миллиардқа жуық қаржы ұрлады деп айыпталған Ерлан Қожағапановтың ісі сотқа жетті

Аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін 12 жылға сотталуы мүмкін. Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа жетті. Тергеу тура бір жыл жүрген. Қожағапанов дейін шенеунік мердігер ұйымның басшысымен ауыз жаласып, миллиард теңгеге жуық қаржы ұрлады деп айыпталған.

Дархан Құрақбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары:

Сот жүріп жатыр. Аяқталуға жақын қалды. Тағылған айып бойынша оған 7 жылдан 12 жылға дейін жаза қарастырылуы мүмкін. Сот барлық мән-жайды ескере отырып үкім шығарады. Сот ашық өтеді.

Қожағапанов 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастық форумы аясында көрме өткізіп, соның ақшасын жеген дейді антикор тергеушілері. Яғни тендерді таныстар ұтып, ал көрме бағасы екі есе артық көрсетіліпті. Сөйтіп бюджеттің миллиарды қалтаға кеткен.

Қожағапановтан бөлек, антикорға ұстатпай жүрген жемқорлар да аз емес. Агенттік қазір 60 адамды іздестіріп жатыр. 2022 жылдан бері 129 күдіктінің 8-і ғана елге экстрадицияланған. Іздеуде жүргендердің арасында мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин де бар.

Еске сала кетсек, Арғын Нығматулин Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлген қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген. Бірақ, әдеттегідей, тергеу басталмай жатып елден кетіп қалған.

Дархан Құрақбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары:

Тергеу басталғанға дейін ол Қазақстаннан кетіп үлгерген. Қазір елде емес. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде