{metadescription}

Астанада салт-дәстүрімізбен ұштасқан спорт жарыстары мен концерттер болып жатыр

Ұлыстың ұлы күні Астананың барлық ауданында мерекелік шаралар өткізіліп жатыр. Ұлттық салт-дәстүрімізбен ұштасқан ұлық мерекеде түрлі спорт жарысы мен концерттер болып жатыр. Думанның ортасында КТК тілшісі де болып қайтты.

Тұрмыс-тіршілігін Жер анамен тығыз байланыстырған қазақ халқы Наурызды жаңару мен жаңа жылдың бастауы, құт берекенің арқауы деп бағалаған. Еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы тойланып жатыр. Күмбір-күмбір күй шертіліп, әсем әуеннің ырғағына мың бұралған бишілер де өнер көрсетуде.

Мерекені тойлауға келгендердің қарасы көп. Жер жібіп, қуана қауышқан қала тұрғындары бір-бірін мерекемен құттықтап, үлкендер ақ батасын беруде.

Сабыр Әбдіғалиұлы:

Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Я раббым, қолда бүкіл қазақты, Қазақстанды! Қазақстанның халқын қолда!   Бақытты болсын, біздің жастарымыз.

Алаңда гіртас көтеруден бастап, арқан тартысу, қол күресі сынды ұлттық спорт дәріптеліп, рухты жігіттер бірінен соң бірі бақ сынасып жатыр. Спортшы жігіттер өз алдына. Айналға киіз үйлер тігіліп, олардың ішінде еліміздің әр өңірінен келген қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды. Шара қонақтары ұлттық бұйымдармен танысып, керегін сатып алып жатты.

Нұргүл Маратқызы, тігінші:

Біз бүгін Атырау қаласынан арнайы Астанаға көрмеге келдік. Ұлттық нақышта тігіліп жатқан киімдер, қазақша ою-өрнек, қыз жасауларын жұртқа көрсетуге алып келген жайымыз бар.

Елордада Ұлыстың ұлы күні осылай атап өтілуде. Бүгінгі шараға қатысып үлгермеген тұрғындар алдағы үш күн бойы қалада түрлі мерекелік іс-шара, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.