{metadescription}

Ұлыстың ұлы күнін аймақтарда қалай тойлап жатыр?

Ұлыстың ұлы күні аймақтарда кеңінен тойланып жатыр. «Наурызнама» тұжырымдасында бүгін Ынтымақ күні деп белгіленген. Бұл күні бірлік пен татулықты насихаттап, күн мен түннің теңескен сәтін күтеді. Еліміздің шығысындағы зейнеткерлер этно-флешмоб ұйымдастырса, батыста әжелер мен немелер сайысқа түсті. 

Жазы ерте шығатын оңтүстікте Түркістан шаһарынан бастап наурызды дүбірлетіп тойлауда. Қары әлі кете қоймаған орталықтағы Қарағанды да көктем меркесін көпшілікпен атап өтуде. Осы өңірлердегі КТК тілшілері Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алып жатқанын көріп келді.  

Ақтөбеліктердің мерекелік көңіл күйі ерекше. Бұл өңірде жылда осы уақытта қар енді еріп, батпаққа былғанып жататын. Бірақ биыл көктем ерте шықты. Жер де кеуіп, жұрттың еркін-жүріп_тұруына, мейрамға арналған көшедегі концертті тамашалауына да қолайлы.

Батыстағы ағайынның Наурызды тойлауды бастағанына тура бір апта болды. Көрісу күнінен бастап, реті келсе, кішілер үлкендердің шыңырағына кіріп арнайы сәлем беруі міндет. Ол да татулықтың нышаны.

Наурызнама бойынша ынтымақ күнін де ақтөбеліктер атаусыз қалдырмады. Шаһардың орталығына жиналған түрлі ұлт өкілдерінің орталықтары концерт қойып, қазан көтерген. «Ұлттық мейрамды ұлықтау ұлтыңа қарамайды, бірлік болсын бастысы» - дейді диаспора өкілдері. 

Ақтөбенің шетіндегі Сазды ауылы Наурыз мейрамы сайын байқау ұйымдастыруға бейім. Бұл жолы келіндерді сайыстырмай, қыз сынын өткізбей, әжелер мен немелеріне көңіл бөлуді құп көрген. Кейуаналар өзара баласының баласына үйреткен ертегілері мен жұмбақ-жаңылтпаштарынан жарысып, немелерінің зеректігін көрсетуге тырысып бақытты. Ән де шырқалды, биді де биледі.

Базар Иманова:

Конкурстың негізгі мақсаты ұлттық дәстүрімізді ұмытпау, кейінгі өскелең ұрпаққа соны дәріптеу, соны бойына сіңіріп өсіру. Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарынан көосеткіміз келіп тұр және өнер сайысы болады. Сонымен бірге әртүрлі ұлттық бағыттағы сұрақтарға жауап беруге дайынбыз.

Ақтөбенің барлық ықшам аудандары мен шетіндегі ауыл-аймақтарында жүзден аса киіз үй тігіліп жатыр. Орталық көшелерде бауырсақ пен наурыз көже таратылып, осы үрдіс ертең де жалғасатын болады. Оңтүстіктегі ағайнның мерекелік көңіл күйі қалай?

Оңтүстікте күн жылы, ауарайы тамаша. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға келгендердің де қарасы қалың. Наурыздың 14-нен бері таңнан түнге дейін Шымкентте жеті  жерде сахна орнатылып, киіз үйлер тігіліп, түрлі іс шаралар мен концерттер өтуде.

Соңғы бір апта қаланың әр тұсында наурыз көжеден бөлек, түрлі этностардың ұлттық тағамдары әзірленіп, тұрғындар мен қонақтарға таратылып жатыр. Тойлаудың келеңсіз тұстары да жоқ емес. Мәселен, тығыз орналасқан қаланың бірнеше жерінен алаң ұйымдастыру үшін кей жол жабылды. Бірақ Наурызды жаңа жылдың басы, табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің оянуы деп білетін ел мұны елемеді.

Толыбай Омашев:

Наурыз мейрамы, Аллаға шүкір, барлық жерде Көрісу күні дейді, Табысу күні дейді, бәрі бір-бірімен төс қағыстырып, бүкіл мұсылман халқы, басқа ұлт өкілдері болса да, құшақтасып амандасып, күліп-ойнап қарсы алып жатырмыз Көп жақсылық тілеймін, рақмет!

Айдың басында ғана ерекше мәртебе берілген Түркістан қаласы дүркіретіп тойлап жатыр. Өткен жұмадан бері мұнда тарихи тұлғалар мен кейіпкерлер енгізілген керуен жүріп, арты ұлттық ойындармен жалғасты. Бір аптадан бері барабан шоуы тойдың көркін қыздырып, тіпті туристік маусымның ашылуында бір мезетте пісірілген екі жарым тонна наурыз көже таратылды. Одан түскен қаржы балалар үйіне берілді. Бұдан өзге Шымкент пен Түркістанда бір аптада мыңдаған ағаш отырғызылған.

Наурыз мерекесін Шымкент пен Түркістанда жұртшылық дүбірлетіп атап өтіп жатыр. Ертең, 22 наурыз күні жыл басын тойлатып, 23-і күні Тазару күні деп белгіленді. Яғни наурызнаманың соңында аулалар мен көшелер тазартылады. Күнгейде наурыз мерекесі осылай өтуде. Ал Сарыарқада қалай тойланып жатыр?

Қарағандыда жыл басы Наурызды айдың 14-де көрусуден бастадық. Кейін рет-ретімен Шаңырақ, Қайырымдылық, Cалт-дәстүрлер күнін атадық. Бір күн ұлттық киім киіп жүрдік, сосын жаңардық,

Бүгін Ынтымақ күні. Қарағандыда садақ атудан жарыс өтіп, филормония әртістері автобустарда өнер көрсетті. Наурыз тойы қарсаңында Қарағандыда әжелер бастаған 200-ге жуық

қыз-келіншек бір мезетте ұршық иірді. Мерекелік шараға әжелерден бастап, бойжеткен бұрымдыларымызға дейін белсенді қатысып жатыр. Осылайша қолданыстан азая бастаған тоқыма өнері бір жанданды.

Бақытгүл Жоламанова:

Ұршық иіру әжелерімізден, аналарымыздан бізге жеткен. Қазір ұмыт бола бастаған өнер. Соны қыз-келіншектерге үйретіп, көрсетіп кетейік деп қатысып отырмыз.

Наурызнама аясында автобустарда жастар да ән шырқады. 20 жыл автобус жүргізіп жүрген жігіт ағасы мұндай айқай-шуға алғаш тап болғанын жасырмайды. Бірақ көңілі көтеріңкі. Мерекеге орай безендіріліп, өнерлі жастарға толған автобус қала көшелерін армансыз аралады. Аялдамаларда түсе ән шырқағандар ;9hn0f ;f0cs әсер берді.

Қарағандыда наурыз мерекесі ертең тойланады. Орталық саябаққа қаз-қатар киіз үйлер тігілген. Қонақтарды қабылдауға бірнеше күннен бері дайындық қызу жүріп жатыр. Ертеңгі салтанатта қазақ күресі, асық ату, мен ләңгі тебуден қала ортасындағы алаңда жарыстар болады. Теміртауда ұлттық киім киген үлкенді-кішілі орталық көшемен жүріп өтеді. 

Ал Шығыстағы жұрт наурызды қалай тойлап жатыр?

Абай облысында Наурыз мейрамының онкүндігі кең көлемде тойлануда. Амал мерекесінен бастау алған іс-шара өңірдің қос қаласы мен аудандарында жалғасын тапты. Ән де жыр да, айтыс, ойындар, бүгінгі күннің батырлары, ұлттық киімдердің сән үлгісі, бәрі қамтылған. Игі іс-шара белсенді ұзақ өмір сүру орталығында да ұйымдастырылды. Мұнда семейлік 80 зейнеткер этно-флешмобқа қатысты.

Дариға Абайқызы, Семей қаласы, №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры:

  Ұлттық киімді насихаттау үшін флешмоб жасадық. Флешмобқа біздің осы орталықта қызмет алушылар, орталықта жұмыс істейтін қыздар қатысып отыр. Жастарға өнеге ретінде өткізіп отырған үлкен іс-шара.

Қазір аймақ әз-Наурыз мейрамын тойлауға қызу дайындық үстінде. Мерекеге орай облысnf 300-ге жуық киіз тігіліп, театрлы қойылымдар ұсынылады. 

Биылы қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл. Шаһар тұрғындары Науырыз мейрамымен қатар, ақынның мерей тойын тойлауды бастайды. Орталық алаңда 180 баланың тұсакесер рәсімі ұйымдастырылады.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай, 100 жас домбырашы композитордың шығармаларын бір мезетте орындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.