Көкшетау: Шағалалы арнасынан асып, теміржолшылар саяжайын су басқалы тұр
Көкшетауда Шағалалы өзені арнасынан асты. Деңгейі бір жарым метрге көтеріліп, қала іргесіндегі теміржолшылар саяжайын су басу қаупі төніп тұр.
Автор: Сәбит Әлдебай
21.03.2025
Қазір шамадан тыс көтерілген су ауыл іргесіне дейін жетті. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті әкімдік жағдайды бақылауға алған. Олар тасқын су деңгейі тағы көтерілсе, елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі дейді. Қазір жеке сектордағы халыққа қауіптің бары ескертіліп, төтенше жағдайға дайын отыру туралы айтылған.
Ақжол Қылышбаев Көкшетау әкімінің орынбасары:
— Бұл саяжай негізінде жазда өздерінің жеке шаруашылығын жүргізуге арналған учаскелер, тұрақты тұрып жатқан учаскелерлегі адамдарды су қаупі төнген жағдайда шұғыл көшіруге дайынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!