{metadescription}

Тасқынның алдын алу. Атырау облысында өзге аймақтардан көмек күші келіп жатыр

Атырау облысында тасқынның алдын алу үшін өзге облыстардан көмек күші келіп жатыр. Өңір халқы Қызылқоға  мен Жылыой ауданына алаңдап отыр. Былтыр қызыл судан зардап шеккен Құлсары қаласына күш құрылымдары көбірек жұмылдыруда. 

Қазір Құлсарыда қарбалас. Жергілікті билік бұған дейін елді мекендерге жақын Жем өзені бойын түгел бекітіп шыққанымен, су көзін ашу, екпінін азайту, жолын бағыттау жұмыстары жалғасып жатыр. Көмекке Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан әскерилер мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкердері де келген. Қазір күні-түні кезекшілікте, қауіпті аймақтарды бақылауда.

Бектұрған Масатов, Атырау облысы жұмылдыруды даярлау және азаматтық қорғау басқармасының бөлім басшысы:

  Жылыой ауданында 18 наурыздан бастап су басу каупі бар елді мекендердегі төрт түлік қауіпсіз жерлерге шығарылды. Кеше Атырау облысының әкімі орынбасарымен тікұшақпен Жылыой, Қызылқоға аудандарына шолу жүргізілді. Жағдай бір қалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.