{metadescription}

Ақтөбе облысы: Су көтерілгенде аралда қалған бір табын жылқы құтқарылды

Ақтөбе облысында тасыған өзен ортасында қалған бір табын жылқы құтқарылды. Су көтерілгенде 24 бас шағын аралда қалып қойған. 

Күні кеше Бала Қобда өзені тасып арнасынан асқан. Қыс бойы сол маңды тебіндеген бір табын жылқы жан-жағын су алғанда қамыс өскен шағын құмды жерден шыға алмай қалған. Екіге бөлініп қос аралда үйіріліп тұрған малды тұрғындардың бірі көрген. Елді мекендегі учаске инспекторы резеңке қайығымен, ауылдастарының көмегімен бір табын жылқыны өзеннің тайыз жерімен айдап шыққан. Өзен ағысының қаттылығынан құлын мен жабағыларды шығару қиын болды дейді тұрғындар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.