Қырғызстанмен шектес амақтағы құпия жолда барымташылар ұсталды
Жамбыл облысының Қырғызстанмен шектескен аймақтарында мал контрабандасы тыйылмай тұр. Шекарашылар таудағы құпия жолдармен өтіп бара жатқан барымташыларды құрықтады.
Автор: Сәбит Әлдебай
21.03.2025
Түнде ұсталғандар 63 бас ірі қараны шекара асырып жібермек болған. Олардың осыншама малды қайдан алғаны белгісіз. Мемлекеттік шекараны заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу басталды. Шекара қызметі былтырдан бері алдына мал салып, шекараны заңсыз кесіп өтетіндер көбейгенін айтады.
Талғат Мұхатов, Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі басқармасының өкілі
— Осы аймақта ірі қара малды өзкізу деректері бойынша 800 бас малды өткізудің жолы кесілсе, 2025 жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 300 басқа жетіп отыр. Қазір уәкілетті оргон өкілдерімен бірлесіп тексеріліп жатыр. Құқық бұзушылықтың мәнін ұғу бойынша процесуалдық жұмыс жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!