{metadescription}

Алматыда наурыз көженің бір кесесін мың теңгеден сатып аласыз

Алматыда әдетте  тегін ұсынылатын ұлттық тағамдарды бүгін жұрт сатып алуға мәжбүр. Наурыз көженің бір кесесін  мың теңгеден сатып аласыз. Десе де бұл көпшіліктің көңіл күйіне кері әсер етпеген. Тұрғындар көктем мерекесін тойлатып мәз-мейрам. 

Майра Мұхамедқызы, опера әншісі:

  Бүкіл халықтың көңілі, міне, мынау жаңа жыл, жаңа жылдың бастамасы наурыз, көктем. Бүгін бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпір жерінде біз жаңа жылымызды қарсы алып жатырмыз. Бүкіл халыққа амандық тілеймін. Ақ мол болсын, әрқашан береке-бірлігіміз, ырысымыз асып тұрсын. Еліміз тыныш болсын дегім келеді.

Алатау баурайындағы мың жылдық тарихы бар астана алаңында «Алматы Наурыз құшағында» деген атпен концерті өтті. Өнер жұлдыздары оңтүстік астана аспанын әнге бөлеп, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады. Салтанатты шарада ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қолөнер туындыларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараның артықшылығы   заманауи технологиямен ұлттық мәдениет үйлесім тапқан. Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолында виртуалды гид қойылған. Одан осы наурызнама он күндігінде қандай шаралар өткенін сұрап біле аласыз. Сондай-ақ қонақтарға роботтар да қызмет көрсетуде. Түрлі ою-өрнектермен безендірілген тунель де көпшілікке қуаныш сыйлады. Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын түрлі фотозона мен арт-нысан қонақтардың көңілін көтеріп тастады.

Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, дәстүрлі әнші:

  Қара қазанымыз қайнап, сары самаурынымыз жайнап, жақсы адамдарды күтіп, еліміздің тыныштығын ойлайтын, жер әлемнің түліп, жаңа құстар келіп, Самарқанның көк тасы еріп дегендей, жақсы бір күйге еніп жатыр. Сондықтан осы үлкен мереке құтты болсын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.