Алты жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүзеге асырған істері
Мемлекет басшысының ел тізгінін қолға алғанына алты жыл. Осыған орай премьер-министр Олжас Бектенов көлемді мақала жазып, әр салада жеткен жетістікті жіліктеп шыққан.
Автор: Айжан Шамшидин
21.03.2025
Алты жылда Қазақстан короновирус пандемиясынан бастап, геосаяси шиеленістерге дейінгі көптеген сын-қатерлерді бастан кешірді. Соған қарамастан премьер-министр еліміздің экномикалық дамуында елеулі нәтижелерге жеткенін атап өткен. Президент тапсырмасымен мұнай-газ химиясы өндірісін қарқынды дамыту қолға алынды, шикізатты экспорттаудан гөрі оны терең өңдеуге де басымдық берілген. Астық жинауда былтырғы рекордтық көрсеткішіміз шаруаларға мемлекеттік қолдаудың тиісті деңгейде екенін көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың алыс-жақын елдермен жоғары дипломатиялық қарым-қатынасының арқасында өзгелермен сауда-саттық, экономикалық ынтамақтастық нығайып келеді. Соңғы алты жылда сыртқы тауар айналымы бір жарым есеге өскен.
Өз кезегінде жоғары палата депутаттары да, жеткен жетістіктерімізге жоғары баға беріп, алдағы уақытта атқарылатын істің қыруар екеніне тоқталды.
Қайрат Тастекеев, Сенат депутаты:
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің президенттік өкілеттіне бірнеше жақсы істер жүзеге асты. Қазіргі таңда азаматтардың өзі пікірін ашық айта білуі. Халықтың айтқан мықты Президент, халықтың үнін тыңдайтын депутаттар және Үкімет органдары бірлесіп ашық жұмыс істей аламыз. Айта кететініміз, ең бірінші кезекте — Конституциялық соттың құрылғаны. Бұрын Конститутциялық сот болмаған, тек кеңес болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!