{metadescription}

Наурызда экскурсия турлары жылдам сатылып кеткен

Наурыз мейрамына орай ел ішінде қатынайтын пойыздар көбейді. Жолаушылар билет таба алмай сабылмас үшін қосымша вагондар бөлінген. Себебі, отандастарымыздың басым бөлігі бес күндік демалыста арқаны кеңге салып саяхаттауды жоспарлап қойған екен. Мәселен, алматылықтардың көбі Наурыз мейрамын Көлсай мен Есік көлдерінде өткізуді көздеген. Ал кейбірі шетелге демалысқа аттануды тиімді деп санайды.

Еліміздегі ең көне әрі сұлу жерлердің бірі – Көлсай көлдері. Тұмса табиғаты бар тамаша жер Алматыдан 300 шақырым қашықта орналасқан. Жастардың көбі Наурыз мейрамын осында қарсы алуды жөн санапты. Туроператорлар мерекелік экскурсиялық турлардың демде сатылып кеткенін айтады.  

Даяна Қонаева, турагенттіктің ресми өкілі:

  Көбінесе біздің турларға 18-25 жастағы жастар келеді. Ең танымал жер Көлсай және Есік. Табиғатта демалғанды жақсы көреді. Лсенді демалыс дегендей. Фотоға түскенді ұнатады.

Ал бала-шағасы бар үлкен отбасылар Шонжыдағы ыстық суда демаламыз деп отыр. Өйткені жолға да көп уақыт кетпейді әрі денсаулыққа да пайдалы.

Алуа Әуелбекова:

  Бес күн демалысты пайдаланып, отбасымызбен Шонжыдағы радонды суға барамыз деп шештік. Алматыдан алыс емес, бір сағаттық жол. Бір отбасыға 300 мыңдай теңге кетеді. Табиғатты аралап, қауызда шомылуға, атқа мінуге болады. Бұйырса, ертең жолға шығамыз.

Бірақ бес күн демалысты пайдаланып кейбірі шетелге шығуды жоспарлап қойыпты. Билетті алдын ала алған, адам басына 600 мың теңгеден.

Әлім Ербол:

  Вьетнамды таңдауымыздың себебі бағасы арзан болды. Әке-шешем, ағам, әпкем бәріміз, бүкіл отбасымызбен бара жатырмыз. Вьетнамдағы ғибадатханаларды аралау арманым еді әрі, суға шомылып, елді аралаймыз.

Шетелге аттануды жоспарлағандардың басым бөлігі Вьетнамнан бөлек, Тайланд, Қытай мен Үнді елін таңдайды. Араб әмірлігі мен Мысыр да бар. Бірақ ол жақ салқындау. Дей тұра, бағасы арзанырақ, адам басына 500 мыңдай кетеді екен.

Наталья Вайншток, турагенттік басшысы:

  Наурызда баға әлдеқайда жоғары. Бірақ, ертерек жоспарласа тиімдірек шығады. Осы жылы туристер көп. Әсіресе 60 жастан асқан қариялармен әжейлер. Бір қызығы, басым бөлігі жалғыз өзі аттанып жатыр. 

Науурыз мейрамын елде қарсы алғысы келетіндерге қала арасындағы қатынас жеңілдеді. Билет іздеп әуреге түспес үшін қосымша пойыздар қосылған. Тіркеме вагондар Алматы - Астана, Астана - Шымкент, Ақтөбе- Астана қатынайды. Осылайша орын тапшылығын алдын алу үшін 20 мың жолаушыға есептелген 400-ден аса қосымша тіркеме қосылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде