{metadescription}

КТК журналистері кәсіби әнші, актерлермен бақ сынасады

КТК журналистері кәсіби әнші, актерлермен бақ сынасады. Телеарна ұжымы Наурыз мейрамына орай «Кел шырқайық» бағдарламасының мерекелік шығарылымына қатысқан.  Арқалағаны алтын,  жегені жантақ мамандық иелері сахна да осал емес екен.  Тіпті мюзикл шоу жасап, студия көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді. "Кел шырқайық" жалпыхалықтық шоруының жексенбі күнгі шығарылымынан көре аласыздар. 

КТК арнасында Наурыз мерекесі. «Кел, шырқайық» музыкалық халықтық шоуының мейрамға дайындаған қызығы көп. Мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилерден құралған өнер ұжымына көз үйренген халық, актер мен кәсіби әншілер және журналистерден құралған топтың шоуын тамашаламақ .

Мира Добрынина, продюсер:

  Наурыз мейрамы қарсаңында біздің бағдарлама осымен екінші жыл кезекті түсірілімін жүргізіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей қатысушылар жан-жақтан келген. Бір бағдарламада әдеттегідей үш команда бар. Десе де бүгінгі шығарылымның ерекше болары сөзсіз. Өйткені қатысушы үш команданың бірі әншілерден, екіншісі актерлерден, үшіншісі журналистерден құралған.

Ал журналистер командасы бес қатысушыдан тұрады. Олар арнамыздың жаңалықтар жүргізуішсі – Әйгерім Асқарқызы. «Дау-дамайсыз» бағдарламасының  продюсері Асқарбек Қазанғап және журналистер Гүлмира Әбіқай мен Жазира Бегалы. Эльдорадионың жүргізушісі Ұлан Қайнарбек те бар.

Асқарбек Қазанғап, «Дау-Дамайсыз» бағдарламасының продюсері:

  Шыны керек, бұл бағдарламаға «Дау-Дамайсыз» журналистері қатысады деген ой болған жоқ. Бесатар деп, бесеуміздің басымыз қосылып, аз уақытта өнімді дүние жасадық деп ойлаймын. Бірақ басты айтатын дүние, біз актер емеспіз, біз әнші емеспіз, біз халықтың мұң-мұқтажын эфирге өткізіп, мәселесін шешіп жүрген журналистер қауымымыз.

Халықтың музыкалық жобасынан бәрін күтуге болады. Әуенмен думандатқан актерлер аяқ-асты осындай ұрыс-керіс шығаруы мүмкін. Музыкадан мүлдем алшақ журналистер де ерекше шоу көрсетіп жұртты таң қалдыруы ғажап емес.

Әйгерім Асқарқызы, жаңалықтар жүргізушісі, редактор:

  Бастапқыда жай, бір ғана ән болады деді, одан кейін оған үш ән қосылды, ол попурри болды. Кейін оған қазақ ертегілерінен иллюстрация қосылды. Ол иллюстарцияны қосып, бір мюзиклға айналып кетті. Енді көрермендер, бұйырса, өз бағасын бере жатар.

Журналистер командасы әз-Наурызға орай ұлттық образда киінген. Бірі   хан, екіншісі   жеңге, ерке қыз бен аңшы рөлінде болып қойылым қояды. Ал әнші, актерлер жұртты қалай таң қалдырды? Жалпы бас жүлде үшін тартыс немен аяқталуы мүмкін? Оны 23 наурыз кешкі сағат 20:00 де көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде