{metadescription}

Қасым-Жомарт Тоқаев: Биыл Ораза айындағы Наурыздың елімізге мән-маңызы зор

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. ЭКСПО көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мейрамына орай бой көтерілген қалашықта Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйледі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз, ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастарқан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырым жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биылда қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор.

Жиналған көпшілікке жылы лебізін жеткізген мемлекет басшысы былтырдан бастап жаңа тұжырымдамаға сәйкес, елімізге қастерлі мерекенің он күн бойы аталып өтетініне тоқталды. Наурызнаманың әр күні тағылымға толы. "Шетелдік қонақтар да дәл осы мерекемен тұспа‑тұс елімізге арнайы ат басын бұрғандықтан, рухани қазынамызды жан-жақты дәріптей білуіміз қажет" - деді президент.

Береке-бірлігіміздің арқасында саяси аренада беделіміз артып келеді. Мемлекеттің саяси жүйесі де біртіндеп жаңаруда. Бағдары да, басымдығы да айқын Қазақстанның цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, ірі инфрақұрылымдық жобалар, көлік тасымалы мен энергетика саласында алға қойған мақсаттары орасан. Қасым-Жомарт Тоқаев осы салалар бойынша бәсекеге қабілетті ел болатынымызға кәміл сенетінін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.