{metadescription}
0:000:00
«Бір аптада төрт адам суға кетті». Балық аулауға шыққандарға айыппұл салынып жатыр

«Бір аптада төрт адам суға кетті». Балық аулауға шыққандарға айыппұл салынып жатыр

Қарағанды облысында суға кеткен балықшының денесі алты күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол Топар ауылына аттанып, сол күйі оралмаған. Су қоймасынан оның заттары мен қармақ-аулары табылды.

Облыста айналдырған бір аптаның ішінде төрт адам суға кетіп отыр. Алты күн бұрын Теміртаудағы Самарқан бөгенінде үш балықшы мұз жарылып, судан шыға алмай мерт болды. Сол күні 65 жастағы зейнеткер де Топар ауылындағы Шерубай-Нұра су қоймасына балық аулауға барған. Оны су астынан да, дрон көмегімен көктен де бақылап іздеп жатыр. Құтқарушыларға еріген мұз бөлшектері жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Қазір судан құтқару қызметкерлері жаппай кезекшілікке шыққан. Күн райына қарамай балық аулау үшін мұзға шыққандарға шетінен айыппұл салынуда.

Ерасыл Сайпаш, Қарағанды облысы ТЖД басқарма бастығы:

18 наурыздан бастап су қоймалары мен тоғандарда мұз еріп жатқандықтан қауіпсіздік талабын қатаң сақтау керек. Арнайы ереженің 47-ші бөлігінде осындай шақта мұзға шығуға тыйым салынған. Оны ескермегендерге 412-ші бапқа сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.