«Аман қалды». Ақтөбеде полиция қызметкері байқаусызда танысын атып алды
Ақтөбеде полиция қызметкері танысын тапаншамен атып алды. Абырой болғанда оқ тек балтырын жанап өткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
26.03.2025
Тәртіп сақшысы жолай танысын кездестіріп, екеуі көлікте отырады. Бір кезде полецей табель қаруын қолына алып, абайсызда атып қалған. Сол бойда аяғынан жараланған жігіт ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жараланған жерін таңып, жарасы жазылғанша емдеу мекемесінде жата тұрады деп отыр.
Ал полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қызмет барысында салғырттық танытқаны үшін тергеушілерге жауап беріп жатыр. Полиция қызметкері уақытша тергеу абақтысында жұмыс істейді екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!