{metadescription}
0:000:00
Көкшетауда нашақор мектептің терезелерін сындырған

Көкшетауда нашақор мектептің терезелерін сындырған

Көкшетауда мектептердің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр. Себебі есірткіге елірген біреу үш күн бұрын мектептің бірнеше терезесін сындырған. Қолынан қан сорғалағанына қармастан, ол бөлмелерден біреуді іздегендей аласұрыпты. Күзетші дереу дабыл қағып полиция шақырған. 

Раиса Жанғалиева, Көкшетау білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

13 метепке баса-көктеп кіріп келді. Күзетші дабыл түймесін басып көмекке шақырды. Бірақ ол кісі мектептен қашып кетті, бірақ оны тез арада ұстап алды. Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарында бәрінде дабыл түймесі бар.

Қаладағы барлық мектептің дабыл түймесі орталық жүйеге қосылған. Сонда да білім бөліміндегілер қауіпсіздікті бір тексеріп алғанды жөн санаған. Ал тал түсте мектептің жабық тұрған есігіне жармасқан тұрғынның есірткі қолданғаны анықталды. Ес-түсін жоғалтқан ол білім ошағына кіре алмай, терезесін жұдырығымен ұрып сындырған. Одан соң қапталдағы есікке барып терезелерін шағып, турникеттен секіріп кірген. Көктемгі демалыста білім ошағында күзетшіден өзге ешкім болмапты. Ал, күдікті қансыраған қолын ұстап қашып кетеді. Қазір мектепке келтірген шығыны есептеліп жатыр. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы:

Медициналық тексеруге апарғанда оның есірткі пайдаланғаны белгілі болды. Мектепке келтірген шығын анықталып жатыр. Әкімшілік кодекстің 440-бабы, 1 тармағы, 1 бөлімімен іс қозғалды. Бұл жаза есірткі пайдаланғаны үшін қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде