Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысында үш адамның өмірін қиған газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шардара ауданында газ құю стансасына жеңіл көлік соғылып, арты алапат жарылысқа ұласқан. Енді қауіпсіздік шараларына селқос қарағаны үшін бекет басшылары да тергеліп жатыр.
Автор: Бек Әбиев
26.03.2025
Оқыс оқиға 21 наурыз күні Жаушықұм ауылында болды. Жеңіл көлік көгілдір отын толтырылған цистернаға соғылған. Көлік ішіндегілерді құтқармақшы болған жігіт бірден көмекке ұмтылғанда от тұтанады. Лезде шарпыған жалын цистернаға тиіп жойқын жарылысқа ұласқан. Оттың ортасында қалған көліктегі екі адам сол жерде жан тапсырды. Ал, оларды құтқармақшы болған жігіт арада бір күн өтпей ауруханада көз жұмды. Қазір, тиісті сараптамалар тағайындалды. Ал жарылыстан күйік шалған тағы екі науқас ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
Нұрғали Молдаханов, Шардара ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
— Оң жақ иығы, білекгі,шынтағы 1-ші және 2-ші дәрежелі күйік. Бүгінде орташа ауыр. Емдеп жатырмыз. Екінші науқастың мойны 5-10 пайыз, орташа дәрежеде күйген. Науқастармен әңгіме жүргізілді. Облыстық ауруханада мамандармен кеңестік. Емделіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!