{metadescription}
0:000:00
Түркістан облысында балалар порнографиясын сатып жүргендер ұсталды

Түркістан облысында балалар порнографиясын сатып жүргендер ұсталды

Түркістан облысында балалар порнографиясын сатып жүргендер ұсталды. Прокурорлар Телеграм желісін бақылағанда кәмелетке толмағандар қатысқан порнография сипатындағы фото және бейнематериалдарды көруге арналған ақылы арнаны анықтаған. Осы арнаның ізімен парақшаны жүргізіп отырғандардың соңына түскен.

Тексерген кезде Телеграм желісінде мектеп оқушылары мен кәмелетке толмағандар түскен жыныстық қатынас түсірілген материалдар анықталған. Арнаға 8012 адам жазылған. Желінің аудиториясы Қазақстан ғана емес, бүкіл ТМД елдерінен екен. Арнадағы анайы бейнероликтерді көру үшін әрқайсысы 2 жарым мың теңге төлеп отырған. Арнайы жүргізілген іс-шараның нәтижесінде сайт ұйымдастырушылары мен таратушылардың тұлғасы мен тұрғылықты мекенжайына дейін анықталды. Күдіктілерді ұйымдасқан қылмыстық қылмысқа қарсы күрес басқармасының жасағы Түркістан мен Қызылорда облыстарының аумағынан ұстады. Бас ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Арнадағы материалдардың қайда түсірілгеніне сараптама тағайындалды.

Дидара Әбдірасылова, Түркістан облысы прокуратурасының ресми өкілі:

Telegram желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру басталды.Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде