Есірткінің көбі Алматы әуежайы арқылы жеткізіледі — үш айда 11 адам ұсталған
Елімізге есірткінің басым бөлігі Алматыдағы халықаралық әуежайы арқылы келеді. Небәрі үш айдың ішінде психотроп заттарды келілеп шетелден әкеліп, Қазақстанда таратпақ болған 11 адам ұсталған.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
27.03.2025
Экономикалық тергеу департаментінің дерегінше, тыйым салынған заттардың басым бөлігі АҚШ пен Еуропа елдерінен пошта арқылы келеді екен. Ал оны көзге түсірмес үшін әккілер кір жуғыш машинаға, ойыншықтарға, тіпті музыкалық аспаптарға жасырып жібереді. Бірақ арнайы дайындықтан өткізілген иттерге бұл кедергі емес. Иісшіл иттердің көмегімен былтыр 60 келіге жуық есірткі анықталыпты. Психотроп заттарды кіргізбек болған 57 адам қамалды. Тәртіп сақшылары тыйым салынған зат өндіретіндерді, тасымалдайтындарды жылда ұстап жатырмыз деп есеп бергенімен, есірткі саудасы тыйылмай тұр. Себебі көлеңкелі бизнестің негізгі серкелері шетелде жасырынып жатыр.
Сәкен Қондыбаев, Алматы экономикалық тергеу департаментінің тергеу басқармасының басшысы:
— Біршама қиындық туғызып жатыр. Ол жұмыс өте қиын. Жұмыс жалғасуда. Қылмыскерлер де, ұйымдастырушылар да жетілдіріп жатыр. Олар өйткені әлеуметтік жүйелер арқылы қылмыстан қашу әрекетіне барады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!