Шоумендер мен асабалар да салық төлейтін болды
Той бизнесінен күреп ақша тауып жүргендер де салықшылардың назарына ілінді. 4-5 сағат қызметі үшін қомақты қаржы алатын шоумендер мен асабалар енді салық төлеуі мүмкін. Оның механизмін Мемлекеттік кірістер комитеті қарап жатыр.
Автор: Дастан Қуандық
27.03.2025
Гүлжан Калменова, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:
— Мұндай салық міндеттемелерін орындау, мысалы, жүргізушілер, тамадалар, әншілер және тағы басқа азаматтар мен кәсіпкерлермен бірге жалпы негізде жүзеге асырылады. Бұл салық салудың әділет принципіне сәйкес. Камеральды бақылау салық салуға жататын табыс алатын барлық тұлғаларға қатысты бірдей жүргізіледі.
Елде жыл сайын мыңдаған той ұйымдастырылып, бұл салаға миллиардтаған ақша жұмсалады. Мейрамхана, асаба, шоу бағдарлама сияқты қызметтер үлкен қаражатты қажет етеді. Егер табыс пен шығын арасындағы айырмашылық байқалса, салық қызметкерлері есеп беруді талап етпек.
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауын бақылауды жалғастыратынын хабарлады. Салық төлеуден асабалар да жалтармайды. Салықшылар нақты есебін шығарып жолын көрсетсе, олар төлеуге дайын.
Қанат Сәдуақас, асаба:
— Жалпы салық төлеуден қашпаймын. Көлігіміз бар, оған да салық төлейміз. Жеке жүргізетін бизнесіміз бар, оған да төлейміз. Бұл кәсіптің өзі ата-бабамыздан келе жатыр. Той басқару, асабалық бар. Егер кәсіби жүргізіп, кәсіби түрде содан табыс тауып, көп мөлшерді көрсететін болса, ол табыстан Үкіметке салық төлеуден қашпаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!