БҚО-да мұғалімдер мен оқушылар Ozyq Urpaq-2025 жобасының қорытындысын шығарды
Еліміздің батыс өңірінде мұғалімдері мен оқушылары Ozyq Urpaq-2025 жобасын қорытындылады. Ақтөбе мен Орал қаласында балалар робототехника, электроника және инженерия саласында білімдерін жетілдіріп, алғашқы марапатын алды. Бұл жобаны Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен Robotek мектебі жүзеге асырып жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.03.2025
Айтолқын Дархан, №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі:
— Арнайы платформада дайын бағдарламалар, сабақты түсіндіру барысы, сабақ жоспары — бәрі дайын тұр. Бұл оқушыларға да, мұғалімдерге де керемет мүмкіндік. Қызығады. «Озық ұрпақ» үйірмесінің игі бастамасына, білім технологиясын дамытқандарына, зор үлес қосқанына ризамын.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының демеушілігімен осы жоба үш жыл бұрын басталған. Осы уақыт аралығында еліміздің сегіщ өңірінен үш мыңнан аса оқушы білім алған. Robotek мектебінің мамандары алдымен бірнеше апта еліміздің әр аймағындағы мектеп мұғалімдерін оқытады. Одан соң ұстаздар өз оқушыларына үйретіп, жарты жыл бойы қосымша дәріс береді. Осы қосымша сабаққа мұғалімдер арнайы, бөлек жалақы алады. Биыл Ақтөбе, Орал мен Өскеменнің 37 информатика пәні мұғалімі аталмыш курсты оқып, мыңнан аса баланы роботехникаға баулыды.
Жобаны қорытындылау рәсімінде дәстүрлі түрде екі санат бойынша робототехника сайысы өтті. Әр қалада бірінші орын алған жеңімпаздар мамырда Астанада өтетін халықаралық Robotek Grand Tournament чемпионатына қатысуға шақыру алды.
Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған, Семей, Ақтау, Қостанай, Қызылорда қалаларының оқушылары аталмыш үйірмеге қатысып, жақсы оқып шыққан.
Сұлтанбек Қазиев, Robotek робототехника мектебінің серіктестік желісі бөлімінің жетекшісі:
— «Озық ұрпақ» жобасы — робототехника мен бағдарлау саласын дамытуға арналған жоба. Нұрсұлтан Назарбаев қорының демеушілігімен өтіп отыр. 2022 жылы басталған. Жобаның жетістіктері туралы айтатын болсақ, бұрын робототехника туралы естімеген балалар бүгінде қала бойынша, республикалық байқаудан да жетістікке жетіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!