{metadescription}
0:000:00
«Киноға барайық». Жас отбасылар мәселесін қаузаған «Режиссер» драмасы шықты

«Киноға барайық». Жас отбасылар мәселесін қаузаған «Режиссер» драмасы шықты

Қазақстан кино қоры тағы бір фильммен толықтырылды. «Режиссер» деп аталған картина драма жанрында. Кезінде такси жүргізушісі болып нәпақа тапқан Жәнібек Майемгенов режиссер болсам деген бала күнгі арманын орындайды. Сондай-ақ бұл фильм тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірдің қиындығына төтеп бере алмай айырылысып кететін жас отбасылардың мәселесін де қаузаған.

Рүстем Жаныаманов, актер:

Кинодағы рөлім ұнады. Неге десеңіз, өзімнің отбасым бар, отбасы проблемасын көтергеннен кейін, ол әрқашан да өзектілігін жоғалтпайды. Бұл таза драма. Комедия емес. Бір отбасының драмасын көрем деп келіңіз. Терең бір проблеманы қозғаған.

Туынды шынайы оқиғаға негізделген. Сюжеті режиссердің өмірінен алынған. Қарапайым такси жүргізушісі бала күннен режиссер болуды армандайды. Өнер үшін түрлі құрбандыққа барады. Басты қиындығы  отбасының ойран болғаны. Картина отбасын сақтап қалуға шақырады. Алға қойған арман-мақсатқа жету жолындағы шым-шытырық оқиғаға толы адам ғұмыры. Алайда өзінің кәсіби таланты мен табандылығының арқасында қиындықты жеңіп шығады. Қырық жасқа толғанда режиссер тізгінін қолына алған Жәнібек Майемгенов дебют туындысы көпшіліктің көңілінен шығатынына сенімді. Жеңіл дүниеден жалықсаңыз, санаға ой тастар драманы бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатынан тамашалай аласыз.

Жәнібек Майемгенов, фильмнің режиссері: 

Арманыңа ұмтылу туралы. Қоғамда өзекті ажырасу мәселесі, отбасы құндылығы мәселесін көтерілді. Көрермендерге ұнайды деген үмітім бар. Бұл менің алғашқы туындым. Көрермен жақсы қабылдайды деп үміттенем. Екінші сериясын да жаза бастадым, «Режиссер-2» деген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде