{metadescription}
0:000:00
КТК арнасынан 31 наурыздан бастап «Жаужүрек Жәлеледдин» драмасын тамашалаңыздар

КТК арнасынан 31 наурыздан бастап «Жаужүрек Жәлеледдин» драмасын тамашалаңыздар

Шыңғыс ханмен соғысқан жас сұлтан. Әкесінің қазасынан соң таққа отырған Жәлеледдиннің Моңғол империясымен текетіресі арнамыздағы жаңа сериалда көрсетілмек. Жас сұлтан Хорезм мемлекетінің тәуелсіздігін сақтау үшін барын салады. 

Осындайда іштен шыққан жау жығылғанға жұдырық болмақ. Әдеттегідей, сарай ішінде билікке талас жүреді. Шытырманға толы "Жаужүрек  Жәлеледдин" сериалын алдағы дүйсенбіден бастап кешкі 6-дан 20 кеткенде арнамыздан тамашалаңыздар.

Жәлеледдин – тақ мұрагері. Әкесінің қазасынан соң Хорезм сұлтаны атанады. Алайда ел билеу оңай ма? Алдымен іштен шыққан жаумен күресуіне тура келеді. Сарайда әдеттегідей таққа талас күшейеді. Соның салдарынан мемлекет әлсіреген тұста сырттан үлкен қауіп төнеді.

Моңғол империясының негізін қалаушы әйгілі Шыңғыс ханмен соғыс басталады. Жәлеледдин өз елінің тәуелсіздігі үшін барын салады. Тарихи драмадан Шыңғыс ханның қандай өткір әрі қу болғанын да аңғаруға болады.

Туындыда махаббат хикаясы да көрініс тапқан. «Жаужүрек Жәлеледдинді» түрік пен өзбек ағайындар бірлесе түсірген. Көрерменді еріксіз өткен ғасырға жетелейтін сериалға актерлік құрам үш ай бойы дайындалыпты. Тіпті өзбекстандық әртістердің түрік тілін меңгеруіне тура келген. Айта кетерлігі, туындының қоюшы режиссерлерінің бірі отандасымыз Нұрғиса Әлмұрат.

Нұрғиса Әлмұрат, "Жаужүрек Жәлеледдин" т/с қоюшы режиссері:

Түркия елінде өзбек елінің тапсырысымен, Қазақстан азаматының түсіруіме аяқталған осындай бір жоба. Осындай бір ерекшелігі бар шығар. Екінші маусымын түсірген кезде соғыс сахнасын көптеп түсірдік. Ауыр жарақат алған сәттері көп.

Телесериалдағы  сұлтан сарайын  тұрғызуға 1200 адам жұмылдырылыпты. Жас та болса, бас болған Хорезм басшысының саяси батыл қадамдары көрерменге көп нәрсені үйретері сөзсіз. «Жаужүрек Жәлеледдин» туындысын КТК арнасынан 31 наурыздан бастап тамашалаңыздар. Көрерменді баурап алатын тарихи драма дүйсенбі-жұма аралығында кешкі сағат 6-дан 20 минут кеткенде көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде