{metadescription}
0:000:00
Астанада тұрғын үй кешенінде бір аптада екі рет өрт шығып, қос подъезд жанып кеткен

Астанада тұрғын үй кешенінде бір аптада екі рет өрт шығып, қос подъезд жанып кеткен

Астанада айналдырған бір аптада Expo New Live тұрғын үй кешенінде екі рет өрт шығып, қос подъезд түгел жанып кеткен. Ыс тиген төрт жасөспірім ауруханада жатыр. Ал 12 пәтерге толық жөндеу жүргізбесе, адам тұру мүмкін емес жағдайда. Өрттің нақты тұтану себебі әлі анықталмаған. Тек қызыл жалын екінші қабаттағы электр желілері шоғырланған қалқаннан шыққаны белгілі.

Өрт адамдар шырт ұйқыда жатқанда түнгі сағат үш шамасында электр есептеуіш құралдар тұрған қалқаннан шыққан. Тілсіз жаудың тез таралғаны соншалық, небәрі екі минутта бірнеше қабат ілезде өртеніп кеткен. Тарс еткен дыбысты бұл үй тұрмақ, көрші үйлердің тұрғындары да естіген. Ести сала, бойын үрей билеген қараша көрші үйге қарай ұмтылады. Бірақ қап-қара қою түтіннен үйдің кіреберісіне кіру мүмкін болмады, дейді жұрт.

Қайырхан Төлеубеков:

Ел шулап, бірдеңе атылды. Содан бәріміз ояндық, тұрдық. Түтін шығып жатты, мына подъезден. Мұның артында бір мықты адам тұрған сияқты. Бұл құрылыс компаниясымен бірге қалыптасатын сияқты. Барлығы тосып отыр, қашан біреу кетіп қалады, өледі деп, айтады ғой, қазақша. Міне, сол өлімді тосып отыр. 

Ал жылаған баланың дауысы мен жанұшыра көмек сұраған келіншектің айқайынан селт етіп оянған Владислав бірден есіктен сығалап қараған. Лап еткен от есікті кері ашуға мүмкіндік бермепті. Содан ол екінші қабаттан секірмек болған.

Владислав Бушуев:

Баланың дауысынан шошынып ояндым. Есіктен сығалап едім, лапылдаған отты көрдім. Бірден терезеге қарай жүгірдім. Екінші қабатта тұрамын, сондықтан секірмекші болдым. Бар ойым төменге қарай секірсем, әйтеуір, «тірі қаламын ғой» деген ой болды. Бірақ сол өлім мен өмір арасында арпалысып тұрған кезде өрт сөндіру қызметі келіп құтқарып қалды.

Expo New Live тұрғын үй кешеніндегі бұл 19 подъездің тұрғындарынан маза қашқалы қашан. Олай дейтініміз, айналдырған бес күнде іргелес тұрған подъездерде дәл осы электр есептеуіштері бірінен кейін бірі лапылдап жанған. Дүние-мүлкі көз алдында шырпыдай тұтанып, бір сәтте жоқ болған тұрғындар үйді эксплуатацияға берген құрылыс компаниясын кіналайды.

Камила Қасымқұлова, Мүлік иелері бірлестігінің төрайымы:

Біздің тұрғын үй кешені заң жүзінде құрылыс компаниясымен әлі кепіл мерзімінде отырмыз. Бір жыл бұрын пайдалануға берілген. Сондықтан кепілде тұр. Ол бір себеп. Екінші себеп құрылыс компаниясы кінәлі. Мен оны нақты айта аламын. Себебі дұрыс жасалынбаған. Үйдің қабаттарының арасында арнайы көбік те жоқ.

Төтеншеліктер мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына бес минуттың ішінде жеткенімен, төрт жасөсіпірмге ыс тиіп, ауруханаға жеткізілген. Арасында біреуінің жағдайы әлі ауыр, жансақтау бөлімінде деп хабарлайды дәрігерлер.

Медет Нұғманов, Астана №2 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:

Бізге түнгі оқиғадан кейін өрттен зардап шеккен үш бала түсті, 10,11,15 жастағы. Екі баланың жағдайы орташа ауыр. Олардың жағдайы тұрақты. Емін толық алып жатыр. Бір баланың жағдай ауыр.  Ол қазір жансақтау бөлімінде. Зерттеулер өткізілді. Ол балада улланудан басқа, тыныс жолдары термохимияялық күйік алған.

Қазір Астана төтенше жағдай департаменті бұл жағдай бойынша сараптама тағайындапты. Бес жұмыс күнінде өрттің неден шыққаны анықталып жария етіледі. Ал түн ұйқысы төрт бөлінген бұл кешеннің тұрғындары түннен түгел шығуы үшін кезекшілік қоюды жөн санап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.