«Тегін палауға бола бір-бірін таптап кете жаздаған». Астанада жамағат әрекеті сынға қалды
Тегін палауға бола бір-бірін таптап кете жаздаған. Астанада Әзірет сұлтан мешітің алдында тегін асқа жүгірген жамағаттың іс-әрекеті тағы сынға қалды.
Автор: Дастан Қуандық
28.03.2025
Бұл Қадір түнінде болған жағдай. Әзірет сұлтан мешітінің ауласында мейрамханалардың бірі тегін палау таратқан. Дұға тілеп отырған көпшілік тегін тамақ таратылып жатқанын ести сала, таласа-тармаса сыртқа шығып, асқа жаппай тап берген. Оқиғаны қала тұрғыны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен. Кадрлардан мешітке жиналған жамағаттың тамақ үшін кезекте бір-бірін басып кете жаздағанын байқауға болады. Желі қолданушылары мешітте дүрбелең туғызғандарды айыптап, моральдық тұрғыдан сынға алса, кейбірі бұл әрекетті студенттердің аңғалдығы деп ақтауға тырысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!