{metadescription}
0:000:00
Құлсарыда 33 жастағы еркек бұрынғы әйелін жұмыс орнында бауыздап тастады

Құлсарыда 33 жастағы еркек бұрынғы әйелін жұмыс орнында бауыздап тастады

Құлсарыда емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған.

Жантүршігерлік оқиға аудандық емхана ғимаратында болған. Күдікті марқұмның жұмыс кабинетіне баса-көктеп кіріп, бейжай отырған жерінде кеңірдегін орып жіберіпті. Қолын қанға малған қаскөй сол бойы ізін суытқан. Ал қанжоса болған келіншекті емхана қызметкерлері ажалдан арашалап қала алмады. Ол осы медициналық мекемеде заңгер болып жұмыс істейді екен. Отыз жастағы марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы жетім қалды. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні көп ұзамай қамауға алды.

Айбек Шапихов, Атырау облысы ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы:

Жылыой ауданы Құлсары қаласында орын алған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмсыстықіс қозғалып, кешенді тергеу амалдары басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды/

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде