Теміртауда қарияны ұрған бесеу мен ол үшін кек қайтарған екі жасөспірім тергеліп жатыр
Темірдауда зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдердің өзі қатарластарынан таяқ жеді. Егде жастағы ер адамды ұрып-соғып азаптап жатқандардың видеосы елге тарап, көпшіліктің ашуын туғызған.
Автор: Бек Әбиев
01.04.2025
Қарияның үйіне «электр қызметкеріміз» деп өтірік алдап кірген бес мектеп оқушысы зейнеткерге тарпа бас салған. Бассыздықтарын өздері телефонға түсіріп, қарияның 35 мың теңгесі мен екі телефонын тартып алған. Бұл аздай, зейнеткердің басынан теуіп, бетіне түкірген. Бұл видео желіге тараған соң, полицейлер дереу іс қозғап күдіктілерді іздеп жатқанда, жүгенсіз оқушыларды өзге жасөспірімдер тауып үлгерген. Олар қатарластарын ұрып-соғып, қариядан кешірім сұратқан. Қазір қарияны ұрған бесеу мен ол үшін кек қайтарған екі жасөспірім түгел тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!