Ақтөбе: Жекеменшік университетте бір күнде 350 студентті оқудан шығарған
Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген. 100 шақтысына «оқу ақысын төлемедің» десе, қалғанын сабаққа келмегені үшін жазалапты. Енді студенттер мен оның ата-аналары оқу жылының аяқталуына санаулы ай қалғанда не істерін білмей отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
01.04.2025
Динара Бекмурзина:
— Ескертусіз оқудан шығарып жіберді. Біз оны бір апта бұрын естідік. Бір жеті бұрын келгенмін, негізі. Әне кел, міне кел деп, созбалаңдап бір жетіге созды. Осы жылды аяқтауға мүмкіндік берсін. Обал ғой, қаншама ата-ана, қаншама оқушы. Ары қарай оқуды талап етпеймін, биылғы оқу жылын аяқтауға мүмкіндік берсін.
Екі мыңнан аса студенті бар Қазақ-орыс халықаралық университетінде күнде шу. Бір емес, он емес, жүздеген студентті жаппай оқудан шығарып неге жібергенін түсіндіріп айтып беретін жан жоқ. Сандалған ата-аналар мен студенттер сессияны аяқтауға мүмкіндк беруді талап етіп отыр. Әрі қарай көбінің осында оқығысы да келмейді екен. Ректор бұйрығында 91 студенттің оқу ақысын төлемегені айтылған. Ал қалған 259 студент сабаққа жөнді қатыспады делінген. Осы мәселемен өңірдегі әкімдік пен министрлік те айналысып жатыр. Жиналған ата-аналар және студенттермен кездесуге облыс әкімінің орынбасары келді. Ең қызығы, бұйрық шығарған ректордың өзі жоқ. Ол бәрін шетелден бақылайды екен. Онымен университет өкілдері де жөнді байланысқа шыға алмай отыр.
Ақнұр Қадырбек, Қазақ-орыс халықаралық университетінің бөлім басшысы:
— Қашықтан дегенде, міндетті түрде университетпен байланыста болу керек, келіп, көрінуі керек. Яғни студенттер университетпен еш байланыста болмаған. Ақпаннан бастап осы уақытқа дейін тексеруді ректор жүргізді. Соның нәтижесінде шыққан. Біздің қолымыздағы зат емес. Ректордың бұйрығымен шығарылып отыр. Қазіргі таңда біз ректордан хабар күтеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары