Комиссия: Шу ауданындағы ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі
Жамбыл облысы Шу ауданындағы орталық ауруханада болған ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі. Арнайы комиссия жүкті әйел акушерлердің салғырттығынан қайтыс болды деген қорытынды шығарды.
Автор: Сәбит Әлдебай
03.04.2025
Шу ауданындағы қайғылы жағдайдан соң өрескел қателікке жол берген жауаптылар жазаланды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексерістен кейін бес лауазымды қызметкерге қатаң шара қолданылған. Ең алдымен Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды. Оның орынбасарына да қатаң сөгіс беріліп, босандыру бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы мен ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы да қатаң сөгіс алған.
Анықталғандай, дәрігерлер 25 жастағы Әдемі Ешеналиеваның денесі ісіп бара жатқанына мән бермеген. Сондай-ақ зәр мөлшерінің шамадан тыс төмендегенін тексермепті. Соның салдарынан науқастың қан қысымы 170-ке дейін көтеріліп кеткен. Сәбиінен айырылған ана 12 күн бойы ес-түссіз комада жатып көз жұмды.
Қаракөз Сағынғалиева, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
— Құлаған кезде бала шетінеді. Құлап, қан қысымы көтеріліп, әйел есінен айырылды. сознаниясын жоғалтты. Тексеріп, консилиум жасап, оны үшінші дәрежедегі облыстық перинатал орталыққа жіберу керек еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары