Алматыда наурыз айынан бері 200-ге жуық адамды кене шаққан
Алматыда кене шағу дерегі көбейген. Наурыз айының басынан бері 200-ге жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Олардың дені — 14 жасқа дейінгі балалар.
Автор: Ақтоты Жұмабек
14.04.2025
Улы жәндіктер әдетте саяжайлар мен таулы жерде шоғырланады. Қазір дәрілеу жұмыстары басталған. Оның аясында 2300 гектардан астам саябақ және орман алқаптары қамтылды. Бұл іс-шараларға 144 млн теңге бөлініпті.
Мамандардың айтуынша, биыл зинякестер ерте оянған. Сондықтан тұрғындарға денесін бүркеп, бас киім киіп жүру керек екенін айтады. Ал табиғат аясына шыққанда екі сағат сайын денесін тексеріп, киімін қағып-сілкіп, кене шаққан жағдайда жақын жердегі емханаға барған абзал.
Алмаш Ахметова, Алматы СЭБД инфекция және паразит аурулар эпидемиологиясын бақылау бөлімінің басшысы:
— Ең тиімді тәсіл — кенеге қатысты вакцинация. Оны қыс айларында жүргізген тиімді. Өйткені эпидемияның белсенді уақытына дейін, кем дегенде, екі дозасын алып үлгеру керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!