{metadescription}
Кореялық спортшы қыз Қазақстан намысын қорғайтын болды

Кореялық спортшы қыз Қазақстан намысын қорғайтын болды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы азаматы Ким Йонг А қазақстандық шорт-трек командасының үмітіне айналды. 

Ол өзінің азаматтығын өзгертіп, Пхенчханктағы Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болды. 

Спортшы қыз төртінші сыныпта конькимен жүгірумен айналыса бастады. Кейін ол Корея және Азияда үздік спортшы атанды. Әлем кубогының үш кезеңінің қорытындысы бойынша енді қазақстандық Ким екі лицензияны жеңіп алды. Ким Йонгты біздің елге оның бұрынғы тәлімгері болған Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы шақырыпты. Қазақстан азаматтығын қабылдау туралы оның шешіміне ата-анасы түсіністікпен қараған. Әкесі Ким Джонг Гонның айтуынша, қазіргі уақытта әр адам өз әлеуетін жүзеге асыратын елде тұруға құқылы. 

Қазақстандық ұлттық құрама Ким Йонг А-ға Әлия Молдағұлованың құрметіне жаңа есім берді. Спортшы 3 жылдан бері Астана қаласында тұрып жаттығуда. Ким Пхенчханкте өтетін Олимпиада ойындарында жеңіске жетуге барлық күш-жігерін салуға уәде берді. 

«Қазақстан - өмір сүріп жатқан елім, ауа райы жағады, тағамы да таңсық емес», - дейді ол. Ал Оңтүстік Кореяда оны ата-анасы қолдап отыр.

Фото: 24.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде