{metadescription}
ОҚО театрында «Біржан-Сара» операсының тұсауы кесілді

ОҚО театрында «Біржан-Сара» операсының тұсауы кесілді

Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрында көрнекті композитор М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының тұсаукесері өтті. 

М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» қойылымы әлемдік классика қорына еніп, тарихи оқиға, облыстық опера және балет театрының жаңа жетістігі болды. Спектакльдің премьерасын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көрермендермен бірге тамашалады. 

Біржан-Сара» - көп актілі лирикалық-драмалы опера. Шығармада XIX ғасырдың әнші-композиторы Біржан салдың өмірі туралы баяндалады. Операның драмалық сюжеттері лирикаға бағытталған, Біржан мен Сара арасындағы сезімді бейнелейді және тарихи фактілермен тығыз байланысты. Қойылым режиссері - Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Асанбеков, дирижер - қоюшы Қуаныш Исмаилов, суретші Бақыт Күзембаев. 


Операда Сара рөлін облыстық опера және балет театрының белгілі актрисасы Оралхан Сейілбекова сомдады. Облыстық опера және балет театрының ұжымы атақты қазақ жазушысы Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазылған «Біржан-Сара» операсын жарты жыл бойы дайындаған. 

Фото: пресс-служба акима ЮКО

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде