{metadescription}
Есірткі контрабандасының елуге жуық фактісі анықталды

Есірткі контрабандасының елуге жуық фактісі анықталды

Қостанай облысы ІІД Есірткі айналымына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шекарашылармен бірге «Ұбаған» шекара бекетінде контрабанда фактісін анықтады. 

Қазақстаннан Ресейге сапар шегетін автобустың 31 жастағы жолаушысынан тексеру барысында оралған өсімдік тектес зат табылған. Сараптама оның наша (гашиш) екені анықталды.Салмағы — 1,3 гр. Аталмыш факті бойынша «Контрабандалық әрекет» бабына сәйкес сотқа дейінгі тексеріс жүргізілуде. 

Ағымдағы жылы Қостанай облысының полиция қызметкерлері 41 контрабанда фактісін анықтап, 6 кг 700 грамм есірткі тәркіледі. «Былтыр 33 контрабанда фактісі анықталып, 5,5 кг-нан астам есірткі тәркіленді », - деп хабарлады Ішкі істер департаментінен. 

2017 жылы заңсыз айналымнан 1 тонна 354 килограмм 370 грамм әр түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Фото: ru.sputniknews-uz.com

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде