ВИДЕО: Грузин виносы Гиннес рекордтар кітабына енді
Грузин виносы ең байырғы деп танылып Гиннес кітабына енгізілді. Ел астанасы Тибилисиден 50 шақырым жерде қазба жұмыстарын жүргізген археолгтар, ішінде сұйықтық сақталған құтыларды тапқан. Химиялық издеудің нәтижесінде ыдыстарда шарап сақталғаны анықталған.
14:29 04.12.2017
Зерттеу жұмыстарына байланысты аталған аймақта біздің заманымызға дейін 6000-5800 жылдары шарап әзірлене бастаған екен. Ал бұған дейін бұл сусынды жасудың көне үрдісі тек Иран еліне тиесілі болған. Олар шарапты біздің заманымызға дейін 5400-5000 жылдары жасаған.
Видео: GGNN (YouTube)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!