Криптовалюта сатумен айналысқан алаяқ ұсталды
Елордалық полицейлер криптовалюта сатумен айналысты деген күдікпен 28 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
19:35 04.12.2017
Елорданың екі тұрғыны алаяқтық жолмен ақшамызды тартып алды деп белгісіз тұлғаға қатысты арыз жазған. Жәбірленушінің айтуынша, сайттардың бірінде криптовалюта сатылады деген хабарлама көріп, онымен байланысқа шыққан. Сосын сауда үйінде кездесіп жәбірленуші оған 11 200 доллар берген.
Шұғыл-іздестіру шараларының арқасында күдікті қолға түсті. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық факті бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Астана қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Астана қаласының Ішкі істер департаменті азаматтарды ақша операциясын жүргізгенде абай болуға кеңес береді.
Фото: Астана қаласының Ішкі істер департаменті
Осы азаматтың заңсыз әрекеттерінің құрбаны болғандар Есіл ауданының ІІБ-мен байланыс телефонына хабарласыңыз: 71-65-50; 8 700 099 96 79
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!