{metadescription}
СПОРТ: Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранға есе жіберді

СПОРТ: Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранға есе жіберді

Футзалдан Иранда өтіп жатқан халықаралық Төрт ұлт турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы екінші ойынын өткізді.

Бірінші ойында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері Ресей құрамасымен тең ойнаған жерлестеріміз екінші ойында Азия чемпионы Иран құрамасынан 2:1 есбімен ұтылды. Соңғы турда бразилиялық маман Какау жаттықтыратын отандастарымыз  6 желтоқсан күні Әзербайжан құрамасына қарсы ойнайды.

Бұл турнир «қарт құрлықтың» қола жүлдегері Қазақстан құрамсы үшін Еуропа чемпионаты алдындағы дайындық кезеңінің бірі. Еуропа біріншілігі 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпан аралығында Словения елінде өтеді. Жерлестеріміз Ресей және Польша құрамаларымен ойнайды.

Фото: kazfootball.kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.