Шымкентте Жаратушы жарылқайды деп сенген жастар жол апатына түсті
Шымкентте жиырма жастағы екі жігіт ұрлап бара жатқан көлігімен апатқа ұшырады.
17:30 05.12.2017
«Ауди 80» автокөлігімен қаладан шығып бара жатып, жол шетіндегі бағанаға соқтығысқан. Соққының қатты болғыны соншалықты ескі көлік ортасынан қақ бөлініпті. Жоспарлары іске аспаған екі жігітті жедел жәрдем ауыр жағдайда алып кеткен.
Бір қызығы ранимацияда жатқан жігіттің кеудесіне жазылған жазу назарды аударған. Ол денесіне «Только бог мне судья» деп жазып алған екен. Осылайша Жаратушы жарылқайды деп сенген жастардың жоспарлары сәтсіз аяқталған. Соған қарағанда Жаратушы олардың санасына басқалай ықпал етпекші болған тәрізді.
Фото: topgir.com
Фото: tvk-uko.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары