{metadescription}
Қытайда сауда жасаған бір топ әйел үсіп өле жаздады

Қытайда сауда жасаған бір топ әйел үсіп өле жаздады

Сауда жасаймыз деп жолға шыққан әйелдер ҚХР-нан келе жатып қазақстандық тас жолда үсіп қала жаздады. 

30-ға жуық қыз-келіншек жанармайы қатып қалған автобусты итерумен әлекке түсті. Қарағанды облысының полициясы автобусы бұзылып жолда қалған әйелдерді құтқарды, - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 3-ші желтоқсанда түстен кейін полицейлер Саламат Қабылғазыұлы мен Жансаят Қасымбеков Алматы-Екатеринбург тас жолында тоқтап тұрған автобусты және оның маңайында топырлаған адамдарды көреді. 

«Қасына келсек, автобустың жанармайы қатып қалған екен. 28 әйел жолаушы Қытайға сауда жасауға барған», - деді Жансаят Қасымбеков. 

Жолаушылар 10 сағат бойы аязда болыпты. Автобусты итеріп, жолда кетіп бара жатқан көлік жүргізушілерінен көмек сұрағанымен, ешкім көмек бермеген. 

«Біз жолда көлік тоқтатып, әйелдерді үйіне қайтардық. Жүк көлігін тоқтатып автобусты тіркеп жібердік. Далада қалған әйелдердің бір жартысы Ақшатау кентіне, жылу пунктіне жеткізілді», - деді Қасымбеков.

Фото: Қарағанды ​​облысының ІІД

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде