{metadescription}
Тарихи жеңіс: Қазақстан пара жүзуден алтын алды

Тарихи жеңіс: Қазақстан пара жүзуден алтын алды

Наталья Звягинцеваның үлесінде тарихи жеңіс. 

Мехикода өтіп жатқан (2-7 желтоқсан) пара жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына бір алтын, екі күміс медалі түсті. Ең жоғары көрсеткішті Наталья Звягинцева көрсетті (арқамен жүзу - 50 метр, 44,88). Ал Зульфия Ғабидуллина (еркін стиль - 100 метр, 1: 40,21) мен Роман Агалаков (баттерфляй 100 метр, 54,75) екінші орынға шықты. 

Айта кету керек, Звягинцеваның медалі Қазақстан тарихындағы пара жүзуден әлем чемпионатындағы тұңғыш жеңісі. 41 жастағы қарағандылық Норвегиядан келген Сара Луиз Рунгені (күміс, 48,21) және түркиялық Севилай Өзтүрікті (қола, 50,35) басып озды. 

Сонымен қатар, Наталья арқамен жүзуден Азияда 50 метр қашықтықта жаңа рекорд орнатты. 

Габидуллина мен Агалаков қытайлық Kyuping Peng (1: 33.51) пен белорустық Игорь Бокиге (54,75) алтынды жіберіп алды. Зульфия Ғабидуллина 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарынан да жеңіспен оралған. Бұл нәтиже де Қазақстан үшін тарихи оқиға болды.

Фото: swimswam.com

Фотоның авторы: Гүлнәр Джейлан 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.