{metadescription}
Атырауда 600 келіден астам балық тәркіленді

Атырауда 600 келіден астам балық тәркіленді

Орал өзенінде 667 келі заңсыз ауланған балық аулаған браконьерлер ұсталды.

5 желтоқсан күні сағат 21:00-де Табиғат қорғау прокуратурасының ұйымдастыруымен Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының қызметкерлері Дамба елді мекеніндегі Орал өзеніне рейд жүргізді.

Фото: РСК Атырауской области

Бұл туралы Атырау облыстық әкімдік жанындағы аймақтық коммуникация қызметі xабарлайды.

Қайықта Құрманғазы ауылының екі тұрғыны болған, олардан  667 келі частик тұқымдас балық және тыйым салынған қытай ауы тәркіленді.

Фото: РСК Атырауской области

"Қазір құқық бұзушылар ұсталып, балық тәркіленді. «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз игеру» ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды",  - деп  мәлімдеді Атырау облысының аумақтық орман және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.