Жер бетіндегі жүйрік адамға ескерткіш орнатылды
Ямайка астанасы Кингстондағы Ұлттық стадион маңына желаяқ Усэйн Болттың қоладан жасалған ескерткіші қойылды.
11:40 07.12.2017
Мүсін Усэйн Болттың үйреншікті кейпіндей жасалған.
Ашылу салтанатында әсерін жеткізе алмаған чемпион "Мен барлығын осы жерде бастадым, Ұлттық стадионда ескерткішім тұрады дегенді ойлап та көрмеппін", - деді әлемнің ең жүйрік спортшысы.
Айта кетейік, Болт әлемнің тоғыз дүркін олимпиада чемпионы. Биыл Лондонда өткен әлем чемпионатында жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан Болт спорттан кететінін айтқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!